Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл

0

Бүгін Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында қатты дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз — Sputnik. Елдің батыс бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады деп күтіліп отыр.

«Елдің солтүстік-батыс және батыс аумағында циклонның әсерімен қатты дауыл болады. Бұршақ жауып, тұман болуы мүмкін», -деп жазылған Қазгидромет хабарламасында.

Дабылды ескерту

Күндіз 28 тамыз күні Атырау облысында қатты жауын болып, дауыл соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Маңғыстау облысында күн күркіреп, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне көшеді. Екпіні – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында бұршақ жауады. Күндіз жел солтүстік-батыстан соғады. Жылдамдығы 15-20 м/с.

Ірі қалалардағы ауа райы

Бүгін астанада күндіз ауа температурасы 19-20 градус шамасында, түнде – 9-14 градус. Күн ашық.

Шымкентте ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы 30-33 градус. Т.нде 19-24 градус жылы болады. Жауын-шашынсыз.

Алматыда да күн ашық. Күндіз 30-32 градус ыстық, түнде 20-26 градус жылы.

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Маңғыстау және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл, Батыс Қазақстанда бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Атырау облысында дауыл болып, жел күшейеді (15-20 м/с). Алматы облысында Жалаңашкөл аумағында желдің екпіні – 15-20 м/с. Қарағанды облысы мен күндіз және түнде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман болады.

Тағы оқыңыз: Қатты жел шатырмен бірге адамды ұшырып әкетті — видео

Күндіз Алматы облысында аптап ыстық күтіліп отыр.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігі және Батыс Қазақстанда өрт қаупі жоғары.



sputniknews.kz