Алматы қонақүйінде 1,5 жасар сәбиді өлтірген Ұлыбритания азаматы болып шықты

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Шетел азаматы екі айға қамауға алынды. Ауыр қылмысқа барған ер адам ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АЛМАТЫ, 28 қазан — Sputnik. Алматыдағы қонақүйлердің бірінде өзінің бір жарым жасар қызын өлтірді деген күдікпен ұсталған Ұлыбритания азаматы екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша күдікті Ұлыбритания азаматын екі айға қамау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды қалалық сот.

Тағы оқыңыз: Қызын тірідей көміп кеткен ата-анаға іздеу жарияланды

Кінәлі азамат бұл бап бойынша 15-20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұлыбритания елшілігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Біз Алматыдағы британиялық сәбидің өлімі мен Ұлыбритания азаматының тұтқындалуына байланысты полициямен тұрақты байланыстамыз», — деді Sputnik Қазақстан тілшісіне елшіліктің коммуникациялар бөлімінің мамандары.

Алматы қонақүйіндегі қайғылы оқиға

Еске салсақ, жантүршігерлік оқиға 24 қазан күні таңертең болды. Әкесі туған қызын ұрып өлтірді.

Қонақүй әкімшілігі Sputnik Қазақстан тілшісіне ерлі-зайыптылар арасында ұрыс-керіс болғанын, айғай-шу естілгенін айтқан. Қонақүй қызметкерлері көмекке келіп, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер баланы құтқаруға тырысқанымен ол ауруханада көз жұмды.



sputniknews.kz