Алматы, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Атырау, Шығыс Қазақстан

0

Синоптиктер дүйсенбі күні төрт өңір мен астанада дабылды ескерту жариялап отыр. Жел күшейіп, кей жерлерде жаңбыр жауады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ, жел күшейіп, тұман түседі.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар өңірлерінде жел күшейіп, секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Атырау облыстарында да 15-20 м/с жел болады.

Атырау облысында тұман түседі.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жел күшейіп, 15-20 м/с, кей жерлерде секундына  25 метрге дейін жетуі мүмкін. Қарағанды облысында тұман күтіліп отыр.

Дабылды ескерту

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан өңірлері мен астанада дабылды ескерту жарияланды. Желдің екпіні 28 м/с-ке дейін жетеді. Дабыл ықтималдылығы – 90-95 процент.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада күндіз жаңбыр жаууы мүмкін, 10-12 градус жылы, түнде +6, +8 градус болады.  

Дүйсенбі күні Алматыда жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы 19-21 градус, түнде +6.

Шымкент қаласында да жауын-шашынсыз болады. Күндіз 20-22 градус, түнде 6-8 градус жылы.



sputniknews.kz