Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің бір бөлігі Қонаевқа көшірілуі мүмкін

0

Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің бір бөлігін Қонаевқа көшіру жоспарлануда, деп хабарлайды Kznews.kz порталы Time.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біздің ойымыз — ЖОО-ларды көшіру, оларға дуальды оқытуды ұйымдастыру үшін жақсы кампустар салу», — деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев.

Оның айтуынша, студенттер үшін өндірістік практикадан өту үшін мүмкіндіктер жасауға ниетті. Осылайша, жарты күн студенттер оқиды, жарты күн өндірісте жұмыс істейді.

«Келешекте біз орта техникалық білім беруді дамытуға баса назар аударатын боламыз. Бізде инженерлер, сантехниктер, шеберлерді табу қиын», — деді Дәндыбаев.

Алматыдағы өмір мен баспана облысқа қарағанда әлдеқайда қымбат екенін ескерсек, Алматыда жоғары оқу орындары мен колледждердің Қонаевқа көшуі де оң әлеуметтік әсер етеді деп күтілуде.

Фото: ашық дерек көздерінен