Алматы қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Алматы қаласының әкімі болып Ерболат Досаев тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін бұл қызметті Бақытжан Сағынтаев атқарды. Ол 2019 жылдың маусымында қала әкімі қызметіне кіріскен.
Айта кетері, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты қала әкімі қызметінен босату туралы тұрғындардың петициясына қатысты пікір білдірді.
Президент Сағынтаев мегаполисте болған тәртіпсіздікке байланысты қиын жағдайға тап болғанын айтты.
«Оны кінәлай алмаймын. Қызметтік міндеттерін атқару жағынан адал адам. Алайда алматылықтардың көңіл-күйін де ескеруге міндеттімін. Сол себепті уақыт келгенде білесіздер», — деді Тоқаев.
Содан кейін Бақытжан Сағынтаев Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында қала тұрғындарының сынына жауап берді.
«Сын айтылатынын білдім. Әрине, бәрі аяқталған кезде сын да айтылды, петиция да пайда болды. Мен де адаммын, әрі қарай жұмыс істеуім керек, мен өз жұмысымды жалғастырдым, өйткені қаланы тез қалпына келтіріп, залалды өтеу қажет. Қалай болғанда да, әр сынның пайдасы бар. Ренжідім бе, жоқ па, мен қызметімді атқардым. Жауапкершілікті түсініп, қала тіршілігін қамтамасыз ету керек екенімді білдім», – деді Сағынтаев берген сұхбатында.