Алматы қаласының әкімдігі: Ерболат Досаевтың «креативі» ме?

0

Сәуле Әбілдаханқызы Facebook желісіндегі парақшасында Алматы қаласының әкімдігін белгілеп, пікір қалдырды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Алматы қаласының әкімдігі

@Ерболат Досаевтың «креативі» ме?

Әлде «қу жоқшылық» па?

Жоқ әлде қазаққа мазақ па?

* * *

Мынау не бәле? Алматыда «Апокалипсис» фильмі жалғасының түсірілімі болып жатыр ма? Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырған Наурыз мерекесіндегі «қазақы үйдің» сиқын қара! Ұят қой….

Мынау ежелгі Мая тайпасының лашығы ма, не бәле? Қай данышпанның ойлап тапқан «креативті идеясы» екен. Тым болмаса екі керегені жалғап жарты киіз құрып қойса дәл мынандай масқара болмас еді ғой. Балаларымызға «ата-бабаң осындай лашықта өмір сүрген» деп мақтанайық па? Әлде «жоңғарлардың әжетханасы ғой» деп ақтала салайық па.? Мынадан «Лениннің шалашы» әдемірек сияқты.

Ермек Құрманғалитегі», — деп жазды ол.