Алматы қаласында кинотеатрлар жұмысын тоқтатты

Сурет: seojob
Алматыда кинотеатрлар жұмысын жалғастыруға тыйым салынды.
Бұл туралы Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысында айтылған.
Қаулы 2021 жылғы 1 ақпанда күшіне енеді.
«Мәдениет объектілерінің, театрлардың, кинотеатрлардың қызметіне тыйым салуды орындауды қамтамасыз ету», — делінген қаулыда.