Алматы қаласында Армениядан әкелінген көліктерді қалай тіркеуге болады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Полиция департаментінің өкілдері Қазақстанда берілген армян автокөліктерін тіркеу туралы куәлікте екі ерекше белгі тұратынын айтады

АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Алматы полициясында Армениядан сатып алынған және Қазақстан аумағына әкелінген автокөліктерді тіркеу мәселелері бойынша call-орталық құрылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мамандар автокөлікті қалай тіркеуге болатынын, кімге тіркеуден өту қажет екенін және қызмет құны қанша болатынын егжей-тегжейлі түсіндіреді.

20 мамырда «Қазақстан азаматтарының Арменияда тіркелген жекелеген көлікті Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» үкіметтің №306 қаулысы ресми республикалық БАҚ-та жарияланды. Қаулыға сәйкес, Қазақстанға 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген рөлі сол жақта орналасқан армян көліктері уақытша тіркеуден өтті.

Кім, қандай көлікті тіркете алатынын, қызметтің құны мен Армениядан әкелінген көліктерді қандай жағдайда, қанша уақыт пайдалануға болатынын Алматы полициясының өкілдері айтып берді.

«Біріншіден, қаулыға сәйкес тіркеуден 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін өтуі тиіс. Екіншіден, тіркеуден рөлі сол жақта орналасқан автокөліктер ғана өтеді. Ал енді тіркеу кезіндегі міндетті төлемдерге келетін болсақ, үш төлем бар: тіркеу үшін алым – 695 теңге, техникалық паспорт үшін баж – 3 473 теңге және мемлекеттік нөмір үшін баж – 7 778 теңге. Төлемнің жалпы сомасы 11 946 теңге», – деді Алматы қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Тіркеу үшін қажетті құжаттар

Армениядан әкелінген автокөлікті тіркеу үшін автокөлік иесі жеке басын куәландыратын құжатты, Салық кодексінің 615-бабына сәйкес, айлық есептік көрсеткіштің 0,25% мөлшерінде (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап: – айлық есептік көрсеткіш – 2 778 теңге) мемлекеттік тіркеу үшін алымның және мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртекті, сондай-ақ Арменияның уәкілетті органы берген көлікті тіркеу туралы куәлік пен автокөліктің мемлекеттік нөмірін ұсынуы тиіс.

Егер құжат қазақ немесе орыс тілінен басқа тілде жасалған болса, аударылып, нотариуспен расталуы қажет.

Оқи отырыңыз: Көлікті тіркеу мәселесі: Армения мен Қырғызстанға қайта бару керек пе?

Полиция департаментінде Қазақстанда берілген армян автокөліктерін тіркеу туралы куәлікте екі ерекше белгі тұратынын атап өткен жөн.

Бірінші, «ТСРА» – бұл көліктің Армениядан әкелінгенін және «өзге тұлғаға тіркелінбейтінін» көрсетеді, яғни сыйға тартылмайды немесе сатылмайтынын білдіреді.

«Ел аумағына 2020 жылдың 1 ақпанынан кейін әкелінген көлік тіркеуге жіберілмейді. Сонымен қатар Арменияның уәкілетті органы берген тіркеу құжаттарында иесі ретінде көрсетілмеген тұлғаларға тіркеу жүзеге асырылмайды», – деп нақтылады Алмасбеков.

Уақытша тіркеуден қайда өтуге болады

Нұрлан Алмасбековтің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанға Армениядан әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеу бес жерде жүзеге асырылады:

№ 1 мамандандырылған ХҚКО – Саялы шағын ауданы, Ақ қайнар көшесі, 1;

№ 2 мамандандырылған ХҚКО – Майлин көшесі, 85;

№ 3 мамандандырылған ХҚКО – Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі, 6;

№ 4 мамандандырылған ХҚКО – Қайрат ықшам ауданы, 181 («Жетісу» базары»);

№ 5 арнайы ХҚКО – Кемел шағын ауданы, Ақсуат көшесі, 118;

Сондай-ақ, Алматы қаласы полиция департаментінде call-орталық жұмыс істейді, онда тіркеу шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты алуға болады: +7 (747) 080 01 56 және 298-50-71.

«Қауырт желі» сағат таңғы тоғыздан кешкі жетіге дейін қызмет көрсетеді.



sputniknews.kz