Алматы қаласында алғашқы Қоғамдық қабылдау ашылды

0

28 қараша 2018 жылы Мемлекеттік қызмет істері Департаментінде Агенттіктің Қоғамдық қабылдауының ашылуы болып өтті. Оны ашудың мақсаты – халықтың қоғам өкілдерімен, Әдеп жөніндегі Кеңес және арнайы мониторингтік топ мүшелерімен кездесуі үшін бірыңғай алаңды құру қажеттілігінде. Аталған алаң өз жеке кеңселері жоқ қоғам өкілдерін бірлестіруге бағытталған Co working center секілдес. Бұл топтың жұмысы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормалары мен мемлекеттік қызмет турала заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша қоғамға көмек көрсетуге негізделген.

Алматы

Заманауи қоғамда  жүргізіліп жатқан реформалардың негізін халыққа дұрыс және уақытылы жеткізе алатын, азаматтардың мемлекеттік органдардың әрекетіне немесе мемлекеттік қызметшілердің әдеп-құлқына шағымдары болса, оларды шешуге көмектесетін қоғам өкілдерінің рөлі үлкен. Еліміздің әрбір тұрғыны өздерін мазалаған сұрақтарымен әдеп жөніндегі Кеңес мүшесіне жүгінуге құқылы.

Агенттіктің Қоғамдық қабылдауының ашылуы Астанадағы Азаматтық Форумның өтуімен тұспа-тұс келіп отыр. Азаматтық Форумның мақстаты да азаматтық сектор, мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымның арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етуде.

Алматы

Қоғамдық қабылдау сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс жасайды. Ол интернет-байланыспен, компьютермен және көшірме техникаларымен, байланыс құралдарымен жабдықталған. Ұл алаң Әдеп жөніндегі кеңес мүшелеріне, қоғам өкілдеріне, сол сияқты халыққа өздерінің заңды құқықтарын  қорғауда сапалы көмек және қолдау көрсетуде үлкен мүмкіншілік береді деп сенеміз.

«Қамшы» сілтейді