Алматы қаласынан шыға берісте жоғалған жеті баланың анасы табылды – видео

0
9

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Бес күн бұрын із-түссіз жоғалған көпбалалы әйел Көксай ауылында тұратын құрбысының үйінен мас күйінде табылды

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. 35 жастағы көпбалалы ана ауылдағы құрбысының үйінде болған.

Бес күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен әйел Алматы облысы Қарасай ауданындағы Көксай ауылынан табылды. Айтуынша, ол осы уақыт бойы құрбысының жанында болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Полицейлер тапқан кезде ол мас болған, үйінде қалған жеті баласы туралы ойламаған сияқты. Бес күн бойы отбасына неге қоңырау шалмады деп сұрағанда, жай ғана «телефоным бұзылып қалды» деп жауап берген. Бұл себеп емес, жауапсыз адамның қылығы», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұған дейін НеМолчи қозғалысының лидері Дина Смайылова фейсбуктегі парақшасында Алматыда көпбалалы ананың жоғалып кеткенін жазған еді.

Жеті баланың анасы Алматы қаласындағы хостелде жұмыс істейді.

Тағы оқыңыз: Маңғыстауда оқушыларды үйіне іздеп келген мұғалім төрт адамның мәйітін тауып алды

7 сәуірде жұмысынан шығып, Қарасай ауданы Теректі ауылындағы туысқанына бармақшы болған. Алайда оны блокбекеттен өткізбеген. Куәгерлердің айтуынша, ол бір ер адаммен кеткен.



sputniknews.kz