Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының төрағасы қайтыс болды

0

Ол 54 жасында қайтыс болды.

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергенов жол апатынан қайтыс болды.

Yedilov Online Telegram каналындағы хабарға сәйкес , Төлепбергенов Іле өзенінің бойында, Алматы облысы, Миялы ауылының маңында батып кеткен.

Төлепбергенов Серікбай Алдабергенұлы 1967 жылы 5 тамызда дүниеге келді. 1991 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын бітірді.

1998 жылы Халықаралық Қазақ-Туризм Университетін бітіріп, заңгер біліктілігін алды.

Еңбек жолын 1991 жылы Алматы қаласындағы аймақтық агроөнеркәсіптік жабдықтың II санатты маманы ретінде бастаған.

2017 жылдың 20 маусымынан бастап Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының төрағасы.