Алматы қаласы бойынша МКД қызметкері ұсталды

0

Аталған іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

ҚР Бас прокуратурасы мен ҰҚК бірлесе отрып, 19-қаңтар күні бопсалау және пара алды деген күдіктілерді тұтқындау шарасын жүргізді. Бұл туралы zakon.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бақылау органының хабарлауынша, 2019 жылғы 19-қаңтарда Бас прокуратура Ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері — Д. Ысқақовты және уақытша жұмыссыз Д. Әлпиев пен Э. Сүлеймановты тура қылмыс үстінде ұстады.

«Аталған адамдар «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасынан алаяқтық жолмен 1 млн АҚШ долларын бопсалаған. Олар параны Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің өндірісінде жатқан қылмыстық істі шешіп беру үшін талап еткен. Бірақ, бұл ретте Ысқақов аталған қылмыстық іс бойынша Бас прокуратураның ведомства аралық жедел-тергеу тобының құрамына кірмеген», — деп хабарлады Бас прокуратураның өкілдері.

Алматының мамандандырылған тергеу сотымен Ысқақов, Әлпиев және Сүлеймановқа қатысты «тұтқынға алу» шарасы бекітілді.

«Аталған іс бойынша барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу жұмыстарына байланысты жарияланбайды», — деп қорытты ведомствадағылар.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/