Алматы қалалық Орталық ауруханасының бас дәрігері қамауға алынды

0
97

Ол пара алды деген күдікке ілінді.

Алматыда қалалық Орталық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Тұрдалин қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен ҚР ҚК 366 бабы 2 б. көзделген қылмыс жасады деп күдіктелген Нұрлан Тұрдалинге қатысты екі айға камауға алу шарасына санкция берілді, – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

фото: medzdrav.kz

Нұрлан Тұрдалин Алматы қаласындағы «Орталық қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ МКК директоры болып 2017 жылдың 1 ақпанында тағайындалған.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz