Алматы қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысы кабинетінде түнеп жүр — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев өз кабинетінде оқшауланып, кабинетінде түнеп жүр. Бұл туралы ол онлайн-брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысы кабинетінде түнеп жүр

«Менің оқшаулануым туралы. Мен алты күн бұрын қалалық орталық клиникалық ауруханаға барғандықтан, мен әлеуетті байланысшы болып табыламын. Әріптестеріме және қала тұрғындарына қауіп төндірмес үшін оқшаулануды ұстануды жөн көрдім. Мен үш рет сынақтан өттім. Барлық тест нәтижелері теріс», — деді ол.

«Ия, мен кеңседе түнеймін», — деді ол «Сіз қазір оқшау тұрсыз ба, сіз кеңседе түнеп жатырсыз ба?» журналистердің сұрағына.

Тілеухан Әбілдаев ОКЗБ-ға бір науқасты тексеру және жағдаймен танысу үшін келгенін қосты.

«Менің қасымда бөлім басшысы, қалалық дәрігер және осы емхананың бас дәрігері тұрды. Қазір бұл емхана қиын эпидемиялық жағдайға душар болғандықтан, көптеген медицина қызметкерлері ауырып қалды, мен 14 күн ішінде оқшауланып, шығар алдында тағы бір рет тексерілуд жөн деп шештім », — деді ол.

stan.kz