Алматы полициясы патрульдік полицейлердің не себепті видеотіркеуіштер пайдаланатынын түсіндірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Бүгінгі таңда жол-патрульдік полиция полкі мен мамандандырылған батальон полкінің барлық қызметкері 1 423 бейнетіркеуіш пайдаланады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматы полициясы патрульдік полицейлердің не себепті видеотіркеуіштер пайдаланатынын түсіндірді

Алматы қаласындағы ПД көрсеткендей, бұл заңсыздықтың алдын алу үшін жасалған.

«Жалпы алғанда, жүргізуші ретінде де, қызметкердің де заңбұзушылықтарын анықтау жағдайында бейнетіркеуіштер дәлел бола алады. Полиция қызметкерлері бейнетіркеуіштерді жүйелік негізде пайдалануын бақылау үшін инспекторлардың 5 тобы құрылды. Олар қызметкерлердің бейнежазбаларына күнделікті бақылауды жүргізеді. Әрбір анықталған заңбұзушылықтар үшін қызметтік тексерулер жүргізіліп, шаралар қабылданады және олар апта сайын Қауіпсіздік Кеңесі қызметкерлерімен бірге қайта қаралады. 2018 жылы инспекторлар мобильді сандық видеорегистрлерді дұрыс пайдаланбау жұмыстарын анықтады. Кей жағдайда сандық видеотіркеуіштер өшірілген. Қызмет барысында дыбыс өшірілген және т.б. осындай әрекеттер үшін 592 қызметкер әкімшілік жауапқа тартылды», — деді полицияның генерал-майоры Серік Күдебаев.

Сонымен қатар, күнделікті бақылауды жүргізу мақсатында автонавигатор іске қосылады. Ол электронды қарта арқылы полицейлердің қозғалысын анықтауға мүмкіндік береді. 

«Жол полициясы полкінің офицерлері мен мамандандырылған батальон полкінің офицерлерінің жұмысы үнемі қадағаланады, себебі олар оқиға орнына бірінші болып келіп, өтініш берушілермен кездеседі. Біздің имиджіміз олардың азаматтармен кәсіби, дұрыс және құрметпен қарым-қатынас жасауы байланысты», — дейді Күдебаев.

stan.kz