Алматы облысының тұрғыны ТЖ кезінде «ашуын сауда үйінің терезесінен алды» — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысы Текелі қаласының тұрғыны ТЖ режимін бұзғаны үшін қамалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ашулы

Ер адамға Текелі қаласындағы сауда үйлерінің бірінің терезесін сындырды деген айып тағылды.

Жергілік полиция бөлімшесіне түнгі сағат 03:30 шамасында қаладағы сауда үйлерінің бірінің әйнегін белгісіз біреу аяғымен теуіп шаққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары даладағы бейнебақылау камераларының көмегімен құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлғаны жедел анықтап, оның із суытуына мүмкіндік бермеді.

https://www.youtube.com/watch?v=3bwb03HN77A

Бейнежазбада ер адамның аталған дүкен есігін теуіп жатқаны анық көрінеді. Ұсталған азамат құрбысымен араздасып қалған соң бұл қылыққа ашу үстінде барғанын айтыпты.

Аталған оқиға бойынша ҚР ӘҚбК 476 бабына сәйкес хаттама толтырылды. Төтенше жағдай тәртібін бұзған тұлға сот шешімімен екі тәулікке қамаққа алынды. Қазіргі уақытта 1992 жылы туған азамат уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

 

stan.kz