Алматы облысының тұрғыны оқушыларды тонаумен айналысты деген күдікке ілінді

0

Облыстық полиция өкілдерінің айтуынша, күдікті аудандық полицияның уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

«Алматы облысының Іле ауданында мектеп оқушысын тонады деген күдікпен ұсталған 35 жастағы азаматтың осыған ұқсас бірнеше қылмысқа қатысы болуы мүмкін»,- деп хабарлайды zakon.kz, Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары мектеп оқушысына қарсы жасалған қылмыстарға қатысы бар адамды анықтауға бағытталған арнайы жедел іздестіру шарасы барысында Іле ауданының 35 жастағы азаматты күдікті ретінде ұстады.

«Ұсталған күдікті — бұған дейін осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бірнеше мәрте сотты болған азамат. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-тармақшасына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы барын тексеруде. Қазіргі уақытта оның екі тонау дерегіне қатысы бар екені дәлелденуде. Екі фактіде де 7-8 сынып оқушылары зардап шеккен, олардың қолды болған ұялы телефондары сатып алушылардан табылды және тәркіленді»,- деп атап өтті полиция өкілдері.

Облыстық полиция өкілдерінің айтуынша, күдікті аудандық полицияның уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/