Алматы облысының полициясы мал ұрлығымен айналысқандарды ұстады
Жыл басынан бері осындай 54 қылмыс ашылған.
Алматы облысында «Мал ұрлығы» іс-шарасы барысында полицейлер бір күннің ішінде мал 9 мал ұрлығы дерегін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Алматы облысы аумағында жүргізілген «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы барысында бір күн ішінде мал ұрлығына қатысты 9 дерек ашылып, қылмысқа қатысы бар күдіктілер анықталды. Шара барысында полицейлер алты өзгенің малын ұрлау дерегінің бесеуін ізін суытпай ашты»,- деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ақсу ауданының екі тұрғыны жайылымдағы жылқыларын жоғалтып, өздері таба алмаған. Сосын полицияға малдарының қолды болғаны туралы арыз берген.
«Осы қылмыстарды ашуға бағытталған жедел іздестіру шаралары барысында сол күні облыс орталығына жақын орналасқан ауданның бір тұрғыны қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінді. Алдын ала тергеу барысында күдіктінің ауданда орын алған мал ұрлығының екі фактісіне қатысы бары дәлелденді»,- деп хабарлайды Ақсу ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Айдар Амангельдиев.
Тәртіп сақшылары таратқан ақпаратқа сәйкес, өзгенің малын ұрлау фактілері Ақсу, Жамбыл, Көксу, Панфилов, Жамбыл, Кербұлақ, Ескелді және Балқаш аудандарында, сондай-ақ Талдықорған қаласында ашылған.
«Бұл фактілердің барлығы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Анықталған күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстарының барлығы анықталуда. Сондай-ақ, ұрланған малды іздеп табу немесе оларды сатып алумен айналысатын тұлғаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде»,- деп атап өтті тәртіп сақшылары.
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы 4-6 ақпан күндері аралығында өтеді. Шараның негізгі мақсаты – облыстағы мал ұрлығының алдын алуға және оны болдырмауға бағытталған. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары өзгенің малын ұрлаудың 54 дерегіне қатысы бар тұлғаларды анықтаған. Оның ішінде қылмыстың ізін суытпай ашумен қатар, бұрын жасалған қылмыстар да ашылып отыр.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz