Алматы облысының полицейлері жасөспірімдердің тәрбиесі мен тәртібіне қатысты мәселелерді талқылады

0

Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасында 20 қылмыстық әрекет орын алған.

Облыс орталығы Талдықорған қаласындағы мектептердің бірінде полицейлер жасөспірімдер тәрбиесіне қатысты семинар кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім басқармасымен бірге өткізілген іс-шараға денсаулық сақтау және білім беру саласының, ата-аналар комитетінің, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Аталған іс-шара ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамашылығымен 11-15 ақпан аралығында республика көлемінде ұйымдастырылып отырған «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» кең ауқымды іс-шара аясында өткізілді.

Акцияның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

Облыстық полицейлердің ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасында 20 қылмыстық әрекет орын алған. Сонымен қатар ішкі істер органдарының есебіне алынған 700 астам жасөспірім мен 800 астам қолайсыз отбасымен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген даналық бар. Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін өскелең ұрпақ тәрбиесі басты назарда болуы қажет. Осы республикалық акция барысында түрлі кездесулер, арнайы сабақтар өткізілді, рейдтер мен тексерулер ұйымдастырылды»,- деп атап өтті облыстық Ювеналды полицияның басшысы полиция майоры Дәулет Смақов.

Өз кезегінде, сөз алған қатысушылар өз баяндамаларында жастарға қатысты қоғамда орын алған келеңсіздіктерді айта келе, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару» керек екенін жеткізді. «Қырық үйден тыйым» көрген ұрпақ қана ұлттық код сипатына сай келетіні айтылды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!



Zakon.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз