Алматы облысының экс-әкімі қайтыс болды

Қаралы хабарды Парламент Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев жеткізді.
«Қоғам және мемлекет қайраткері, ардақты азамат, асыл дос Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлының дүниеден озуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Осындай ауыр күнде қаралы көңілдеріңізге жұбаныш, қайысқан қабырғаларыңызға медет тілеймін. Аңсар Тұрсынханұлы еңбек жолын ауыл шаруашылығы саласынан бастап, ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты, ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алматы облысының әкімі, Жамбыл, Қарасай аудандарының әкімі лауазымдарын зор абыроймен атқарып, облыстың, ауданның қоғамдық-саяси қызметтердің ортасында жүріп, жауапты қызметтерде халықтың ризашылығына бөленген ардақты жан еді», — деп жазды ол.
Алматы облысының әкімдігі Аңсар Мұсаханов 19 ақпанда кенеттен қайтыс болғанын хабарлады.
фото: parlam.kz