Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы тағайындалды

0

2022 жылдың 6 маусымында облыс әкімінің өкімімен Даурен Айдарұлы Сихаев Алматы облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Даурен Айдарұлы 1991 жылы туған, білімі жоғары. 2013 және 2019 жылдары Еуразия гуманитарлық институтын, 2016 жылы Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы «Астана қаласының ХХІ ғасыр көшбасшысы» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары болып бастаған.

Әр жылдары «Вектор» өндірістік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының технигі, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас менеджері, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының басқарма басшысы лауазымдарын атқарған.

2021 жылдың қаңтар айынан «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының кеңесшісі лауазымында қызмет еткен.

Ақпарат, фото:  www.gov.kz