Алматы облысының бір ауыл тұрғындары төсін жалаңаштаған Шырын Нарчаеваға қарсы шықты

0

Алматы облысы, Райымбек ауданының Сарыбастау ауылының тұрғындары сәукеле киіп, тәнін жалаңаштаған Шырын Нарчаеваның әрекетіне қарсы шықты. Орталыққа жиналған жастар мен ауылдың беделді азаматтары видео-үндеу жолдады деп жазады NUR.KZ.

Видео-үндеу krutye_agashki парақшасында жарияланған.

“Біз Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылының жастары, орта буын ағалар мына интернет желісінде қазақ қызы кимешек киіп алып, жалаңаш тәнін көрсетіп жатыр екен, соған қарсылығымызды білдірейік деген ниетте жиналып тұрмыз. Кимешек деген кешегі Домалақ анадан, Абайды өмірге әкелген Зере әжелерімізден қалған киелі нәрсе. Кимешек киген әжелеріміз тәнін тұрмақ, шашын көрсетпеген.

Қазіргі жастарға жеңіл, жай ғана киім болып көрініп тұрғанымен, оның да киесі бар. Өзіміз де ұл-қыз өсіріп жатырмыз. Сондай теріс жолға түсіп кетпеу мақсатында Сарыбастаудың жастары, орта буыны, кішкентай балаларға дейін келіп отыр”, – деді жиналған тұрғындар.

Бас көтергендер ұлттық киімді қорлап, ойына келгенін жасап жүрген Шырынға кішкентай болса да ой салсақ деген ниетте.