Алматы облысының әкімі қанша жалақы алатынын айтты

0

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында жалақысы қанша екенін айтты, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты.

Шенеунік жалақыға еңбек өтілі әсер ететінін жеткізді.

«Барлық саяси мемлекеттік қызметшінің жалақысы бірдей және мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілін есепке алғанда екі миллион теңгедей болады. Менің 19 жылдық еңбек өтілім бар, жалақым — 2 миллион 414 мың теңге», — деді әкім.

фото: gov.kz