Алматы облысының әкімдігі бес автокөлік сатып алуға 50,5 млн теңге жұмсамақ

0

Алматы облысының әкімдігі бес автокөлік сатып алуға шамамен 50,5 млн. теңге ақша жұмсамақшы, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

«Тапсырыс беруші — «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; атауы — автомобиль; қосымша сипаттама — жеңіл автомобиль, В класы, автоматты беріліс қорабы, көлемі 2000 cc дейін; бірлік бағасы — 10,09 млн теңге; саны — бес; жоспарланған сома — 50,45», — делінген мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лоттың сипаттамасында.

Байқауға қатысуға өтінімдерді алдын-ала қабылдау 17 маусымда 17.17-де басталып, 3 шілдеде сағат 9.00-де аяқталады.