Home Жаңалықтар Алматы облысындағы жантүршігерлік апат: Жүргізуші арақ ішкенін айтып ақталды

Алматы облысындағы жантүршігерлік апат: Жүргізуші арақ ішкенін айтып ақталды

0
302
Фото: stan.kz

Алматы облысының Қорам ауылында 4 бірдей оқушы қызды таптап өткен жүргізуші кінәсін мойындады! 54 жастағы Әсет Демесінов полицейлерге берген жауабында сол күні әдеттен көбірек арақ ішіп қойғанын айтып ақталды. Бұл туралы KzNews ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті арақты жалғыз өзі отырып ішкенін айтады. Ащу судан сіміріп алған соң, үйінен шығып көлігіне мінген. Ал жол жиегімен келе жатқан оқушы қыздарды таптап өткенін тек келесі күні бір-ақ түсініпті. Тәртіп сақшылары жол апатынан кейінгі көлікті де көрсетті. Қатты соққыдан «УАЗ» көлігінің  капоты мен бампері қисайған. Жүргізуші есін жиғанымен, ол қағып кеткен  қыздардың екеуі сол күйі ес-түссіз ауруханада жатыр.

Сұмдық жайт Қорам ауылында 2-наурызда болған. Удай мас жүргізуші мектептен қайтып келе жатқан төрт бірдей оқушы қызды көлігімен таптап өтті. Екеуі өлім аузында жатыр. Ал үшінші оқушының аяғы сынып, оған ота жасалды. Төртінші жасөспірім апттан сақтанып үлгерген. Қыздардың екеуі 8, екеуі небәрі 9 жаста. Төртеуі де сыныптас.

Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

– Ұсталған жүргізуші уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр. Автотехникалық сараптама тағайныдалды. Оның қорытындысы, іс бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады.

 

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету