Алматы облысындағы Заречный ауылындағы түрмеде сотталғандарды азаптады
Қысқа сілтеме алу
Мемлекет басшысы ішкі істер министрлігіне түзету мекемесін жаңғыртуды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде — Sputnik. Президент бас прокурорға Алматы облысындағы Заречный ауылындағы түзету мекемесіндегі жағдайды жан-жақты тергеуді тапсырды.
Алматы обл. Заречное ауылындағы түзету мекемесінде (ТМ) жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым. ТМ-нің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ІІМ-не ТМ жаңғырту тапсырылды. Азаматтық бақылауды күшейту қажет
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 31 июля 2019 г.
«Түзету мекемесінің бес қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ІІМ-ге түзету мекемесін жаңғырту тапсырылды», — деп жазды Тоқаев.
Ол мұндайға жол бермеу үшін азаматтық бақылауды күшейту керек екенін айтты.
sputniknews.kz