Алматы облысындағы вакцинация барысы

0

Алматы облысы халықты коронавирустық инфекциядан вакцинациялаумен қамту деңгейі бойынша республикада жетекші орында тұр. Бүгінгі күні өңірде вакцинаның алғашқы дозасын алғандар саны 851 429 адамға жетті, бұл 71% — ды құрайды. Толық курстан өткендердің саны – 778 939 азамат немесе иммундауға жататын ересек тұрғындардың 65%-ы.
Қазіргі уақытта облыс тұрғындары вирусқа қарсы препараттар арасында: «Спутник V», «QazVac» және «Sinopharm» вакцинасын таңдай алады. Айта кету керек, Ақсу және Балқаш ауданының тұрғындары короновирустық инфекцияға қарсы 100% егілді.
Өңірде вакцинация жұмыстары алгоритмге сәйкес жүргізілуде.
Облыс бойынша 318 егу пункті ашылды, оның ішінде 76 – жылжымалы, 71 мобильді бригада және 17 жылжымалы медициналық кешен ұйымдастырылған. Облыс бойынша мектеп қабырғасында 338 егу кабинеті жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Алматы облысында 15 қарашадан бастап 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация жұмыстары басталды. Облысқа барлығы 46 800 доза Комирнати вакцинасы келіп түсті. Бүгінгі таңда вакцинацияланған тиісті контингент саны 1 980 адамды құрайды, оның ішінде 1673 жасөспірім, 43 жүкті әйел және лактация кезеңінде 264 әйел.
Естеріңізге сала кетейік, жасөспірімдерді вакцинациялау тек ата-аналарының немесе заңды өкілдердің келісімімен жүзеге асырылады.