Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында алғаш рет көп қабатты ғимараттар тұрғызыла бастады.

0
Бұған дейін елді мекенге тек жер үйлер ғана салынып келген. Қазір аталған аймақта бес қабатты үш үйдің іргетасы құйылып жатыр. Құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталады. Сол кезде мемлекеттік бағдарламамен үй кезегінде тұрған 180 адам баспаналы болмақ.
Сонымен қатар 1500 балаға арналған білім ордасы салынып жатыр. Мектепті келесі жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Нысандардың бой көтеруімен жаңа шағын ықшам аудан құрылады.