Алматы облысындағы перзентханада ота жасаған әйелдің аяғын күйдіріп жіберген — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысының 24 жастағы тұрғыны Мәдина Қасен дәрігерлерден өтемақы талап етеді. Кесар тілігі операциясынан кейін қыздан қан кете бастаған. Ал есін жинаған кезде екі аяғында үшінші дәрежелі күйік болған. Мәдинаға тіпті теріні ауыстырып салу операциясын жасауға тура келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Мәдина Қасен

Мәдина Қасен отбасымен бірге Алматыға облыстан дәрігерге тексерілуге келген. Ол үйінің жанындағы Іле аудандық облыстық ауруханасында емделгісі келмейді. Себебі дәл осы ауруханада 2018 жылы босанған кейін екі аяғына күйіктер алған. 

Мәдинаның айтуынша, кесар тілігі операциясынан кейін оның жанында тек жұмысқа шыққанына бір күн болған медбике ғана қалған. Осы кезде қыздан қан кете бастаған, оны қайтадан ұйықтатып тастаған, жылыту үшін аяғының астына ыстық су құйылған пластикалық бөтелкелерді қойған. 

«Шамамен бір сағаттан кейін мені төсекке жатқызды. Тазалаушы сол кезде менің екі аяғымдағы күйікті байқады. 4-5 ауруды басуға тырысты, бірде укол салды, бірде дәрі қабылдадым. Мені өзімнің баламды аяп кеттім. себебі біз 3 айға жуық уақыт ауруханада жаттық», — деді Мәдина Қасен.

Ол көп уақыт бойы жүре алмаған, кейін оған теріні ауыстыру отасын жасаған. 

«Бөксемнен тері алып, оны екіге бөліп, екі аяғыма салды, бәрін істеді», — деді Мәдина Қасен.

Алматы облыстық полициясы іске қатысты тергеуді бастады, бірақ көп өткей қылмыстық құрамның болмауына байланысты оны тоқтатып тастады. Тіпті, күйік сараптамасын жазбаған. Қазір істі қайта қарастырып бастады.

Қыз кінәлі дәрігерлердің қатаң жазалануын талап етіп жатыр. Ал Іле аудандық орталық ауруханасында сол күні кезекшілікте болған дәрігрлердің қатаң сөгіс алғанын мәлімдеді. Бірақ, өз жұмыстарын жалғастырып жатыр.

«Ыстық судың күйдіру мүмкіндігі ескерілмеген шығар, өйткені сол уақытта дәрігерлер қанды тоқтатуға тырысты. Мәдина кешірім сұраймыз және көмектесуге дайынбыз», — деді Іле аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары Ләзиза Сүлейменова. 

Сонымен қатар,  ауруханада пластикалық хирургтың ақысын төлеуге дайын екенін хабарлады. Ал Мәдина 3 млн теңге көлемінде өтемақы талап етіп жатыр. Қажетті процедураны ол Ресейде жасағысы келеді. 

 

stan.kz