Алматы облысындағы коронавирус: Жүкті әйел Алматыға АҚШ елінен келген — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында коронавирус диагнозы қойылған жүкті келіншек Америка Құрама Штаттарынан келген. Келіншек Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасында емделуде.

Жедел жәрдем көлігімен бара жатқан: Алматы облысында 16 жастағы жүкті қыз жол апатына түсті

Жалпы, облыста 4 инфекция жағдайы тіркелді. деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Ол АҚШ-та болды, сосын оны ауруханада карантинге жіберді, кейін үйдегі карантинінде жатқанда дене температурасы көтерілді. Үйде карантинге жатқандарға хабарласып жатырмыз. Температура туралы белгілі болған соң, келіншек ауруханаға түсті. Дәрігерлер Covid-19-ны қайта сынап растады», — деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жөкел.

28 наурыз күні инфекцияға байланысты «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің бір подъезіне карантин қойылды. Қыз осы жерде тұрған.

Қазір ол Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасында емделуде. Науқас жүктіліктің 21-22 аптасында.

Жалпы, Алматы облысында Covid-19 инфекциясының 4 жағдайы тіркелді.

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 267 жағдайы бүгін расталды.

stan.kz