Алматы облысындағы блок-бекеттерде карантин алынған жоқ — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысындағы блок-бекеттерде карантиндік шаралар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

блок

Polisia.kz ресурсының мәліметінше, полиция қызметкерлері тәулік бойы азаматтардың карантинді, соның ішінде санитарлық және блок-бекет ережелерінің сақтау жұмыстарын бақылайды.

Сонымен қатар, полицияда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 476-бабының нормаларына сәйкес жауапкершілік заңмен қарастырылғанын атап өтті.

Алматы облысы бойынша төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері 317 құқық бұзушыға айыппұл салынған, 356 адам қамауға алынып, 1888 адамға ескерту жасалды.

Атап айтқанда, полицейлер кірудің және шығудың ерекше режимін бұзғаны үшін 339 хаттама жасады, карантин және басқа да міндетті санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды бұзғаны үшін 3 427 материал дайындады.

Бірнеше жеке тұлға белгіленген мерзімге белгілі бір жерден, пәтерден немесе үйден кетуге тыйым салуды бұзғаны үшін 41 адам жазаланды.

Бұған дейін алматылықтарға жаяу және жеке көлікпен жүруге рұқсат берілгені хабарланған болатын

stan.kz