Алматы облысында жүздеген ауланы су басты

0
97

Алматы облысы Панфилов ауданындағы Пенжім ауылында 270-тен аса ауланы су басты. Бұл туралы Азаттыққа 4 маусым күні Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің Алматы облысы бойынша өкілі Азамат Жұртбаев хабарлады.

– 3 маусым түнде нөсерден кейін Пенжім ауылында 270-тен аса үй ауласын су басып қалды. Су ағыны тек екі сағаттан кейін бәсеңдеді, қазір жағдай қалыпты. Ол жерде техника мен адамдар жұмыс істеп жатыр. Қаза болғандар жоқ, – деді комитет өкілі.

Оның сөзінше, су тасқынына байланысты Панфилов ауданында арнайы жедел штаб құрылған.

Azattyq