Алматы облысында жол-көлік оқиғасының салдарынан пойыз рельстерден шығып кетті (видео) — Қазақстан жаңалықтары
Алматы облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, пойыз рельстерінен шығып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Бейнежазба авторының сөзінше, пойыз манипуляторға барып соғылып, артынша рельстерден шығып кеткен.
Абырой болғанда, бұл жағдайдан зардап шеккендер жоқ екен. Көлік оқиғасы Алматы облысы Қарасай ауданы Жармұханбет ауылының маңында орын алыпты.
Өз кезегінде облыстық ПД аталған жайтты растап отыр.
stan.kz