Алматы облысында жоғалып кеткен қыздың өлі денесі табылды

0
0

Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық полиция басқармасы мәлімдеді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен қыз туралы хабарлама тараған.

Алматы облысының полиция департаментінің хабарлауынша, зорлық-зомбылықпен өлтірілген 1999 жылы туған қыздың денесі бүгін, 21 тамызда, сағат 16.00-де Еңбекшіқазақ ауданының Өрнек ауылының маңындағы даладан табылды.

«Осыдан бір күн бұрын полицияға туысқандары қыздың жоғалып кеткені туралы арыз жазды. Полиция іздестіру шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта бұл факті Қылмыстық кодекстің 99-бабы адам өлтіру бойынша ыактісі ретінде тіркеліп, сараптама тағайындалды», – дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз