Алматы облысында жоғалған қыздың мәйітін іздеп жатыр

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қыз 10 ақпан күні жоғалған, бірақ ол сол күйі табылған жоқ

ТАЛДЫҚОРҒАН, 8 сәуір— Sputnik. Алматы облысының полициясы Анастасия Галееваның қаза тапқаны жайлы болжамды тексеріп жатыр, қазір су түбін қарау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарланғандай, 22 жастағы алматылық Анастасия Галеева 10 ақпан күні Талғар ауданында тұратын құрбысының үйіне кеткен, сол уақыттан бері із-түзсіз кеткендердің қатарында.

16 ақпан күні туыстары жергілікті полицейлерге оның жоғалып кеткенін хабарлаған. Анастасияны іздеуге тәртіп сақшылары мен туыстарынан бөлек еріктілер де атсалысты.

Наурыз айының басында қыздың туыстары Анастасия көз жұмғанын, оның денесін өзенге лақтырып жіберуі мүмкін екенін айтты, бірақ әлі күнге дейін мәйітті іздестіру жұмыстары нәтиже бермей отыр.

Алматы облысы полициясының мәліметінше, қызды іздеу жұмыстары әлі күнге дейін жалғасуда.

«Су түбін сүңгуірлер бірнеше рет қарап шықты. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, полицейлер, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен сүңгуірлер екі каналды тексеріп, ауқымды іздеу жұмыстарын ұйымдастырды. Қазір іздеу шаралары жалғасып жатыр», — деп хабарлады полиция.


©
Foto : департамент полиции Алматинской области

Алматы облысында полиция Анастасия Галееваның мәйітін іздеп жатыр

Ведомствоның баспасөз қызметі Анастасия Галееваны іздеуге Талғар ауданының полиция қызметкерлерінен бөлек, облыстық қылмыстық іздеу бөлімінің қызметкерлері де қосылғанын айта кетті. Іздеу жұмыстары департамент басшылығының қатаң бақылауында болады.  



sputniknews.kz