Алматы облысында жасөспірімнің ажалы телефоннан болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Оқиға орнына келген полицейлер баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілерін тапқан жоқ. Қызды тоқ соқты деген қорытынды жасалды

ТАЛДЫҚОРҒАН, 29 қыркүйек  — Sputnik. Үштөбе қаласының маңындағы ауылдардың бірінде 9-сынып оқушысы қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша қызды ұялы телефоннан тоқ соққан.

Жасөспірімнің өлімі туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралды. Қайғылы оқиға 28 қыркүйек күні Қаратал ауданындағы Бастөбе ауылында болғаны айтылған.

Алдын ала болжам бойынша 14 жастағы қыз түнде музыка тыңдаған. Ол ұялы телефонын зарядтап жатқан болса керек.

Тағы оқыңыз: Дәрігер телефонның жарығы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін айтты

Бұл оқиғаны Sputnik Қазақстан-ға Алматы облысы полиция департаменті растады.

«Оқушының ата-анасынан 28 қыркүйек күні таңертең қоңырау түсті. Оқиға орнына барған полицейлер телефон мен зарядтағыш құрылғыны көрді. Баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған жоқ. Дәрігерлер жасөспірімді тоқ соқты деген қорытынды жасады. Қаратал полициясы оқиғаны тексеріп жатыр», – деді облыстық полиция департаментінде.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз