Алматы облысында жаппай ЖКО болып, әйел адам қаза тапты

0
85

Ажал құшқан әйел жүк көлігіне соғылған жеңіл автокөліктің алдыңғы жағында отырған.

Алматы облысында жаппай ЖКО орын алып, бір адам жапа шексе, тағы бір адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

«ГАЗель» автокөлігін басқарған жүргізушінің айтуынша, Қорғасқа апаратын Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолымен батыс бағытта қозғалған. Жолдың бетін аздап мұз жапқан.

Осы кезде «ГАЗельдің» алдында кетіп бара жатқан көлі тайып, жол ортасында сырғанай бастапты. Жүк көлігінің жүргізушісі тежегішке басқанымен, жүк тиелген көлік сырғып, артынша жол ортасында айналып кеткен. Жүк көлігі тізгіннен кетіп, көлденеңнен тұрып қалған. Арадан біршама уақыт өткен соң жеңіл көлік оқиға орнынан кетеді. Ал «ГАЗельдің» сол жақ дөңгелегі апаттық жағдайда жұлынып, ол сол жерде қалып қойған. Жүргізуші автомобильді жол ортасынан алып тастай алмайды, бірақ, оң жақтағы темір жақтауға барып тұрақтайды.

Ер адам «апаттық жағдай» белгісін қоймақшы болған сәтте оның көлігіне Toyota Camry автокөлігі соқтығысып, жүк көлігінің астына кіріп кеткен. Дегенмен, соққының айтарлықтай қатты болғанына қарамастан жүргізуші жапа шекпейді.

Екі жүргізуші де арнайы қызметтерді шақырта бастаған. Арадан жарты сағаттай уақыта өткеннен кейін «ГАЗельге» аса жоғары жылдамдықта Daewoo Nexia автокөлігі соғылады. Соққының қатты болғаны сонша, Daewoo күл-талқан болады, ал жүк көлігін болса кері айналдырып жіберген.

Қақтығыс нәтижесінде жеңіл көліктің жүргізушісі қатты жапа шегеді. Ал жол апаты орын алған сәтте көліктің алдыңғы жағында отырған 1973 жылғы әйел адам оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Жаппай орын алған ЖКО соң тұман қалыңдаса бастады. Қапшағайдан Қарабалтабай ауылына дейінгі аралықты «Қазавтожолдың» қызметкерлері қалың тұман мен көріністің мүлде төмендегін ескеріп, жауып тастады.

Жол апатының бірден бір себебі – ауа-райының қолайсыз кезінде жылдамдық режимін сақмау деп отыр мамандар.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/