Алматы облысында жантүршігерлік апаттан бес адам қаза болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Үш зардап шегуші әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды

АЛМАТЫ, 13 тамыз — Sputnik. Алматы облысында ірі жол апаты салдарынан бес адам ажал құшты. Тағы үш адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға түсті.

Қайғылы оқиға 13 тамызда таңғы сегіз кезінде Алматы — Бішкек жолының 84-ші километрінде болған.

«29 жастағы әйел айдап келе жатқан Mazda-626 Алматы-Бішкек автожолының 84-ші километрінде Shacman жүк көлігіне соғылды», — делінген Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Тағы оқыңыз: Павлодар облысында жол апатынан ер адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті

Соқтығысу салдарынан жүргізуші мен төрт жолаушы апат орнында қаза болды. Тағы үш адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған.

«Жол апатының себебі анықталып жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалған», — деп хабарлады облыс полициясы.



sputniknews.kz