Алматы облысында жағдайы төмен көпбалалы отбасыға жердемақы беруден бас тартты — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысының Жамбыл ауылында көпбалалы ана өзінің атаулы көмектен қағылғанын айтты. 

Алматы облысында жағдайы төмен көпбалалы отбасыға жердемақы беруден бас тартты

Эльмира Шөпшекбаеваға атаула көмекті рәсімдеуден бас тартқан. деп хабарлайды 31 арна.

Оған себеп күйеуінің ЖК атынан жұмыс істеуі. Күйеуі кілт жасап сату үшін жеке кәсіпкерлік ашқан. Алайда одан түсер табыс айына 50-60 мың теңге ғана екен. Ол, пәтерақыдан, азық-түліктен артылмайды дейді көпалалы ана. 

«Күнде дастарханымызда қант, шай, печенье мен нан ғана тұрады. Балалардың аяғында аяқ киімі жоқ. Енді жәрдемақыға құжат өткізейін десем, жолдасымның ЖК-сы бар болғаны үшін бас тартты. Тіпті сөзімді тыңдамады», — дейді ол. 

Ал, ауыл әкімі Тұрарбек Ташов отбасыға жұмыспен қамту орталығына барып декларация өткізуі тиіс екенін айтты. Егер орта табысы күн көріс деңгейінен, 20789 теңгеден аз болса, атаулы көмекті алады екен. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz