Алматы облысында жағдай тұрақтанды

0

Алматы облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы облыста жағдайдың тұрақтанғанын хабарлайды.

Штаб жетекшісінің шешімімен ағымдағы жылдың 7 ақпаны күні сағат 00:00-де Талдықорған, Текелі қалалары мен Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Жамбыл, Қарасай, Ақсу, Ескелді және Қаратал аудандарында терроризм қауіптілігінің жоғарғы «Қызғылт сары» деңгейi тоқтатылады.

Арнайы және құқық қорғау органдары штаттық жұмыс кестесiне көшіріледі.
Барлық аймақ тұрғындарына түсіністікпен қарап, азаматтық жауапкершілік танытқандары үшін алғыс айтамыз.

Алматы облыстық терроризмге қарсы күрес жәнiндегi жедел штабы.