Алматы облысында үлкен тасжол уақытша жабылды

0

Алматы облысында бүгін, 20 қарашада сағат 16:30-дан бастап республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» (84 км-ден 184 км-ге дейін) автомобиль жолдары барлық көлік түрлері үшін жабық.

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ хабарламасында көрсетілгендей, бұл шара қатты боран мен бұрқасын салдарынан болды. Жол мүлде көрінбейді.

Еске сала кетейік, 17 қарашада жол тағы жабылып, келесі күні ашылған болатын.