Алматы облысында тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды

0

Алматы облысында «Асыл-Арман» тұрғын үй кешенінің бір кіреберісі карантинге жабылды. Бұл жерде коронавирус жұқтырған жүкті әйел тұрған

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Алматы облысында тұрғын үй кешені пәтерлерінің бірінде коронавирус жұқтырған науқас анықталды. Үй кіреберісі карантинге жабылды.

«Асыл-Арман» ТК төртінші кіреберісінің тұрғындарына үйден шығуға, қонақ қабылдауға тыйым салынды. Осы кіреберісте тұратын жұмыс істейтін азаматтар жұмыс берушілеріне қалыптасқан жағдай туралы ескертуі керек»,- деп мәлімдеді облыстың өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Еске сала кетсек, 28 наурызда Алматы облысында коронавирус жұқтырған үш адам тіркелді. Біріншісі –  63 жастағы әйел, Іле ауданының провизорлық ауруханасында карантинде жатқан. Екіншісі Жамбыл ауданына Оңтүстік Кореядан ұшып келген 1997 жылғы қыз. Үшінші пациент – Қарасай ауданының 1995 жылғы тұрғыны. Ол жүктіліктің 21-ші аптасында. Қазір науқастардың барлығы Қарасай ауданының жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Әкімдіктің ақпаратынша, дезинфекциялық жұмыстар Жамбыл ауданындағы Аққайнар ауылында, Іле ауданындағы Көкқайнар ауылында, Қарасай ауданындағы Іргелі ауылында жүргізіледі. Билік бұл елді мекен тұрғындарынан түсіністік танытып, тыныштық сақтауды сұрады.



sputniknews.kz