Алматы облысында топырақ көшкіні жүрді: Тұрғындар эвакуацияланып жатыр
23 наурызда сағат 00:20-да Алматы облысы Талғар ауданының Бесағаш ауылында «Бурабай» коттедж қалашығы маңында топырақ құлады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 23 наурызда сағат 00:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Бесағаш ауылында «Бурабай» коттедж қалашығында жаңбыр мен қарлы жауын-шашын жауыы салдарынан топырақтың батпақтанып, тау баурайынан екі жеке тұрғын үйдің аумағына топырақтың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Топырақ аяқталмаған қорғаныс қоршауының шетінен өтіп кеткен (биіктігі 4 м бетон тіреу қабырғасы). Кірген топырақ үйдегі терезенің сындырып, зақым келтірді, сонымен қатар жеке тұрғын үйдің аумағындағы уақытша тұрған құрылысқа (үй шаруашылығына) ішінара зақым келтірді.
«Түскен топырақтың болжамды көлемі — 500 текше метр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Екі үйде 9 адам тұрады. Оқиға орнында ТЖ бөлімінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері екі көшені аралау жұмыстарын ұйымдастырды. Тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін Қазселденқорғау қызметкерлері ескерту хабарламасын берген болатын. Тәуліктің қараңғы уақытына байланысты топырақ құлауы мүмкін жерлерді мұқият тексеру жүргізу қиындыө тудырып жатыр» , — делінген хабарламада.
Фото: Алматы облысы ТЖД
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 15 қызметкері мен 4 техникасы, ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ 1 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 10 қызметкері мен 2 техникасы, 2 жедел медициналық жәрдем бригадасы шықты.