Алматы облысында тіркелген жетінші науқастың жағдайы туралы айтылды

0

67 жастағы пациент Алматыда ем алған, облысқа келгеннен кейін денсаулығына шағымданған. Қазір науқас Қарасай ауданындағы инфекциялық ауруханада бөлек бокста жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Алматы облысында бүгін тіркелген жетінші науқастың жағдайы жақсы, шағымы жоқ. Бұл туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

«1952 жылғы науқастың жағдайы жақсы. Әзірге шағымы жоқ», — деді Ысқақ онлайн брифингте. 

Айтуынша, пациент 17 наурызда буындарының ауыруына байланысты Алматы қаласында ем алған. Осыдан кейін Жамбыл ауданына қайтып оралған. 

«Үйіне келгеннен кейін денсаулығына шағымданып, аудандық ауруханаға жүгінді. Бекітілген алгоритмге сәйкес, инфекциялық бөлімшеге жеткізілді. Тест нәтижесі коронавирус жұқтырғанын көрсетті», — деді ол.

Тағы оқыңыз: Астаналықтардың қай уақытта үйден шыға алатыны айтылды

Қазір науқас Қарасай ауданындағы инфекциялық ауруханада бөлек бокста жатыр. Пациентпен байланыста болған екі адам анықталып, провизорлық стационарға карантинге жатқызылды.

 



sputniknews.kz