Алматы облысында тәркіленген 500 қару жоюға жіберілді

0

Былтыр тәркіленген 3581 дана қару жойылған.

Алматы облысының тәртіп сақшылары қару-жарақ айналымынан тәркіленген 500 қаруды балқытуға жөнелтті, деп Zakon.kz хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қару арсеналын, оның оқ-дәрілерін және жарылғыш заттарды жою — комиссияның қатаң бақылауында жүзеге асырылады. Полицейлер алдымен оларды бөлшектейді, сосын арамен кеседі. Жиналған бөлшектер қаруланған күзет көмегімен балқытуға жіберіледі. Ал, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды жою осы мақсатта арнайы әзірленген орындарда іске асырылады.

«Жойылу алдында кез-келген қару алдымен барлық базаларда тексеріледі, оның тарихы айқындалады. Балқытуға жіберілмей тұрып, олар бөлшектеліп, бұдан кейін атуға жарамас үшін ұңғысы мен соққы тетігі мүлдем істен шығарылады. Биыл 500 астам қару жойылуға жіберілді. Енді олардан ел игілігі үшін пайдалы өнімдер құйылатын болады»,- деп атап өтті Алматы облысы ПД Тылмен қамтамасыз ету басқармасының бастығы Бақыт Алпысов.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, былтыр 3581 дана тәркіленген қару мен 6000 астам оқ-дәрі және 57 бірлік жарылғыш зат жойылған.

«Кейбір сирек кездесетін қару түрлері арнайы рұқсатқа сәйкес мұражайлардың экспонаты болуы мүмкін. Атап айтсақ, Департаменттің атыс қарулары мұражайына жетпіске жуық атыс қаруы мен суық қару түрлері экспонат ретінде қойылған»,- деп атап өтті полиция өкілдері.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz