Home Жаңалықтар Алматы облысында сел жүріп өтті

Алматы облысында сел жүріп өтті

0
39

Алматы облысының Кербұлақ ауданында жаңбыр салдарынан қатты сел жүрді.

Селдің видеосы әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Желідегі ақпарат бойынша, селдің салдарынан Көксу кенішіне баратын жол жабылып қалған.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті 14 шілдеде сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін Алматы облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінде сел болғанын хабарлады.

“Көксу шатқалында жаңбыр мен бұршақ түріндегі қатты жауын-шашынның салдарынан балшық ағыны жүріп өтті. Осыған байланысты, Көксу орман шаруашылығының 1 кордонына апаратын жол жабылды. Қазір сел тоқтады. Жол тазартылды. Зардап шеккендер жоқ”, – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар басқармасы.