Алматы облысында қызы анасын өлтірді
Алматы облысында араққа сылқия тойып алған әйел шешесін өлтіріп, жертөлеге тығып тастаған.
Polisia.kz порталының жазуынша, Іле аудандық полиция бөлімшесіне 77 жастағы ер адам хабарласқан. Ол ауласындағы уақытша тұруға арналған үйдің жертөлесінен әйелінің өлі денесін тауып алғанын айтқан.
Тергеу бөлімінің мамандары оқиға орнына барған. Полицейлер ауладағы үйде олардың 57 жастағы қызы тұратынын, оның ішкімдікке салынып кеткенін анықтаған.
Полиция қызметкерлеріне әйелдің қызы мастықпен өз анасын өлтіргенін айтып, қылмысты мойнына алған.
Аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 99-бабы бойынша (Кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.