Алматы облысында қылмысы әшкере болған 3 полицей қашып кетті

0

Тәртіп сақшылары 700 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді  

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір — Sputnik. Алматы облысында полицей сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлеріне оқ жаудырды.

Ұлттық бюро қамауға алу кезінде қашып кеткен үш полицейге іздеу жариялады.  Панфилов ауданы полициясының әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, жергілікті полицей қызметінің басшысы және екі патрульдік полиция қызметкері пара алды деген күдікке ілінді.  

Қостанайда полиция ғимаратына оқ жаудырған 35 жастағы күдікті ұсталды  

Жемқорлықпен күресушілер тәртіп сақшылары жергілікті тұрғыннан 700 мың теңге алып, орнына одан бұрын тәркілеп алған 2 491ондатр терісін қайтарып беруге уәде еткен. Тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлады Ұлттық бюро.

Пара алған полицейлерге іздеу жарияланды   

Ұстау кезінде патрульдік полиция қызметкерлерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел тергеу тобына қарай үш рет оқ атқан. Осыдан кейін үш полицей қылмыс орнынан қашып кеткен.

Панфилов аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлімінің 3-тармағына сәйкес (Басқа қылмысты жасыру мақсатында билік өкіліне күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі өндірісті тіркеді. Жасырынған адамдарға іздеу жарияланды.



sputniknews.kz