Алматы облысында құлаған дельтаплан: 24 жастағы бойжеткен зардап шекті — Қазақстан жаңалықтары
Алматы-Қапшағай тасжолында дельтапланның құлауынан бойжеткен зардап шекті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметі мәлім етті.
«31 мамыр кешкі тоғыздар шамасында Алматы-Өскемен тас жолының 82-ші шақырымында, яғни, Бақанас ауылының маңында екі кісілік дельтапланның құлағаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Ұшу құралы — жекеменшік. 1996 жылғы азаматша зардап шегіп, Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді», — делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде тоқ сымдарына ілініп, артынша Алматы-Қапшағай тас жолдың үстіне құлаған дельтаплан жайлы айтылған еді. Ресми деректерге сәйкес, оқиға шын мәнінде Алматы-Өскемен тас жолында орын алған.
stan.kz