Алматы облысында Қонаевқа ескерткіш ашылды

0

Алматы облысының Бақанас ауылында Дінмұхамед Қонаевқа ескерткіш ашылды.

Биыл қазақ елінің белгілі қоғам және мемлекет қайраткерінің туғанына 110 жыл толып отыр. Шараға Дінмұхамед Қонаевтың ұрпақтары қатысты. Олар Бақанас ауылы Қонаевтың ата-бабаларының кіндік қаны тамған жер екенін, бұл ауыл ол үшін қашанда ерекше қымбат екенін атап өтті.

Ашылу салтанатында Дінмұхамед Қонаевтың Қазақстан тарихындағы және оның қалыптасуындағы елеулі рөлі атап өтілді. Еске салайық, жақында Қапшағай қаласы президент Тоқаевтың шешімімен Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне Қонаев қаласы болып өзгертілді.

Мүсінінің биіктігі 5,3 метр, граниттен жасалған. Авторлары  мүсінші Алтай Бейсенов пен сәулетші Бекзат Бейсенова.  Ескерткіштің  демеушілік қаражатқа жасалғаны атап өтілді.